Алғашқы қоғамда – білімдер практикалық сипатта болды (еңбек, емшілік).

Ежелгі Шығыс – математика, астрономия, медицина дамыды.

Ежелгі Греция – философиялық-ғылыми ойлар пайда болды (Демокрит, Аристотель).

Орта ғасырлар – шығыс ғалымдары ғылымды байытты (Ибн Сина, Бируни), алхимия мен астрология таралды.

Қайта өрлеу – университеттер ашылды, эксперимент ғылым әдісіне айналды.

XVII–XVIII ғғ. – ғылыми революция (Галилей, Ньютон).

XIX ғ. – зертханалар мен ғылыми мектептердің қалыптасуы.

XX ғ. – салыстырмалылық теориясы, кванттық механика, радиоактивтілік.